Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:47, 17 Сәуір 2024

Қырғызстанда TikTok-қа тыйым салынды

f
Фото:

Қырғызстанда TikTok әлеуметтік желісіне кіруге шектеу қойылады. Бұл туралы Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елдегі барлық интернет-провайдерлер Байланыс саласын реттеу және қадағалау қызметінен елдегі TikTok ақпараттық қызметіне қолжетімділікті шектеуді және 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беруді сұрайтын хат алды.

Министрлік бұл шаралардың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің хаты негізінде жасалғанын түсіндірді.

«Бұл шешімге TikTok компаниясының «Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және моральдық дамуына зиян келтірудің алдын алу шаралары туралы» Заңды сақтамауы негіз болды», - делінген Цифрлық даму министрлігінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, қырғыз билігі TikTok-ты 2023 жылдың тамыз айында бұғаттауға тырысты. Содан кейін Мәдениет министрлігінен «балаларға арналған жағымсыз контент және ересектерге арналған жалған хабарламалардың таралуы» туралы шағымдар туралы тиісті сұранысы бар хат жіберілді.

Кейінірек тиісті қызмет басшысы әзірге бұғаттау болмайды деп сендірген.

Фото: pixabay

Тегтер: