Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:01, 29 Сәуір 2024

Заңсыз иемденген активтерден мемлекетке 40 млрд теңге қайтарылды

ы
Фото: из открытых источников

Заңсыз иемделген активтерден мемлекет кірісіне қосымша 40 млрд теңге қайтарылды. Бұл туралы Үкіметте Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия отырысында айтылды. 

Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.

Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды, оның аясында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді. 

«Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады», — деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

Фото: ҚР Үкіметі

Тегтер: