Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:14, 29 Сәуір 2024

Ислам даму банкі Қазақстанға қаржы бөледі

с
Фото: из открытых источников
Ислам даму банкі Қазақстанда су шаруашылығы жобаларын іске асыруға гранттар мен қаржы бөледі.

Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына барған сапарында айтылды. Онда осы күндері Ислам даму банкінің (ИДБ) жыл сайынғы отырысы өтіп жатыр.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ИДБ тобының ауқымды инвестицияларын ҚР су саласының жобаларына бағыттау, сондай-ақ жобалардың техникалық құрамдас бөлігін дайындауға гранттар бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Алғашқы транштар биыл жүзеге асырылмақ, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ICIEC-пен келіссөздер аясында «Бәйтерек» холдингінің ұйымдарымен – KazakhExport экспорттық-кредиттік агенттігімен және Қазақстанның даму банкімен қайта сақтандыру, сақтандыру әрі кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол қойылды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы 1995 жылы Ислам даму банкінің мүшесі болды. Осы кезеңде ИДБ тобының қатысуымен республикада жалпы сомасы шамамен $1,8 млрд құрайтын 67 жоба іске асырылған.

Фото: primeminister.kz