Кеше, 11:15
«Сот залынан шығарылуы мүмкін»: Қаржаубайға сот тарапынан бірнеше мәрте ескерту жасалды

Шерзатқа қатысты сот жалғасып жатыр.
Қаржаубай Нұрымовтың эмоциялық әрекеттері жағдайды шиеленістіріп жіберді.
Оның мінез-құлқы процеске қатысушылар мен судья Ержан Жанұзақовтың наразылығын тудырды.
Нұрымов өз сезімін тежей алмай, айыпталушылардың адвокаттарын сөзбен бөліп, оларға қарсы пікір айтып, сот барысына кедергі келтірді. Әсіресе әйелі жауап беріп жатқанда, бірнеше рет оның сөзін бөліп, айтқан жауабын түзетуге тырысқан сәтте жағдай ушыға түсті.
Судьяның бірнеше ескертуіне қарамастан, Нұрымовтың әрекеті өзгерген жоқ. Ақыры судья оның адвокаты Мейірман Шекеевке қатаң ескерту жасады: егер жәбірленуші сот тәртібін бұзуды жалғастырса, оның жауапкершілігі қорғаушысына жүктелетін болады.
Оқи отырыңыз