Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:27, 07 Мамыр 2024

Шольц: Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен табыс Украина қорғанысына бөлінеді

d
Фото: из открытых источников

Еуро Одақ елдері Ресей активтерінен түсетін кірісті Украинаның әскери қажеттіліктері үшін пайдалануға келісті, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Германия канцлері Олаф Шольц Еуропалық Одақ Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен табыстың 90 пайызын Украинадағы қорғаныс мақсаттарына пайдалануға келіскенін айтты. Бұл туралы ол Ригада Латвия, Литва және Эстония премьер-министрлерімен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеген.

Оның айтуынша, «бұл жылына бірнеше миллиардтарды құрайтын айтарлықтай сома».

Meduza мәліметінше, Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі басталғаннан кейін Батыс Ресей Орталық банкінің 260 миллиард еуроға жуық қаржысын бұғаттады. Қаражаттың басым бөлігі (шамамен 210 млрд еуро) Еуропалық Одақта, оның ішінде қолма-қол ақша және мемлекеттік облигациялар түрінде сақталады.

ЕО билігі бұл қаражатты кем дегенде 2022 жылдың күзінен бастап пайдалану мүмкіндігін талқылап жатыр. 2024 жылдың наурызында еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррел ЕО Кеңесіне Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен кірісті пайдалану бастамасын ұсынғанын айтты. Ол түскен қаржының 90 пайызын Еуропалық Бейбітшілік қорына жіберуді ұсынды, қазір бұл қордан Украинаға әскери көмек көрсетуге ақша бөлінеді.

Фото: REUTERS/Boris Roessler/Pool