Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:12, 21 Қараша 2024

Магриттің «Жарық империясы» сериясындағы картинасы 121,2 млн долларға сатылды

Рене Магритт «Жарық империясы»
Рене Магритт «Жарық империясы». Фото: ru.posta-magazine.me

Бельгиялық сюрреалист Рене Магриттің картинасын аукционға телефон арқылы қатысқан адам сатып алған. Оның кім екені әзірге құпия. Картинаны сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалады.

Нью-Йорктегі Christie's аукционында бельгиялық сюрреалист-суретші Рене Магритттің «Жарық империясы» сериясына енген картинасы 121,2 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Бұл аукциондағы Магрит картинасы үшін рекорд баға ғана емес, сонымен қатар биылғы аукционда 100 миллион доллардан жоғары бағаға сатылған алғашқы картина. Christie's аукционына дейін картина 95 миллион долларға бағаланған. Магриттің картинасының жаңа иесі аты-жөнін жасырып, аукционға телефон арқылы қатысқан.

Картина 1954 жылы салынған және суретшінің «Жарық империясы» сериясының бір бөлігі саналады. Осы серия аясында Магритт 1940-1960 жылдар аралығында ашық аспан астындағы түнгі пейзаждың парадоксалды бейнесін көрсететін 27 картина салған. Сатуға арналған картина 2023 жылы желтоқсанда қайтыс болған интерьер дизайнері және өнер коллекционері Мики Эртегюнге тиесілі болды.

Аукцион алдында Christie's картинаны сатудан түскен табыстың «үлкен бөлігі» қайырымдылыққа жұмсалатынын хабарлады. Магриттің «Жарық империясы» сериясындағы тағы бір картинасы 2022 жылы Лондондағы Sotheby's аукционында 79,7 миллион долларға сатылған.

Тегтер: