Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:09, 06 Мамыр 2024

Ломтадзе әлемдік деңгейдегі футбол академиясын құрады

в
Фото: из открытых источников

Wycombe Wanderers ағылшын футбол клубы директорлар кеңесінің мүшесі әрі серіктесі болған Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі футбол академиясы құрылатынын мәлімдеді.

Футбол академиясы алдағы 3 жылдың ішінде құрылады деп жоспарланған. Ал, Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады.

«Қазақстан мен Англиядағы ең үздік және ең дарынды жас футболшылар мен болашақ жұлдыздар білім алатын әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру – менің жеке арманым болатын. Академияда дайындалу тегін болады. Ал жас спортшылар еліміздің және футболдың отаны – Англияның үздік жаттықтырушыларынан тәлім алуға қол жеткізеді, дейді ол.

Сонымен қатар, ол клубтың негізгі командасында ойнауға қатысты ережеге өзгеріс енгізбек.

Жаңа технологияларды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, инновациялық бизнес құрудағы тәжірибемді пайдалана отырып, футболымызды жаңа деңгейге көтеруге болатынына сенімдімін. Қазақстан футболы үшін әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды шығара аламыз деп сенемін. Кез келген футбол академиясының түлектері үшін басты мақсат – футбол клубының негізгі командасында ойнау. Демек, футбол клубы жоқ академияның жетістікке жетуге мүмкіндігі жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда, сіз академияда жаттығып, жетілесіз. Алайда клубтың негізгі командасында ойнауға мүмкіндігіңіз болмайды. Мен мұны өзгертуді жоспарлап отырмын, өйткені клуб біздің түлектерге арнайы мүмкіндіктер жасауға бағытталған және олар үшін үлкен көпір болмақ», - дейді Михаил Ломтадзе.

Айта кетейік, Михаил Ломтадзе - белгілі қазақстандық кәсіпкер, инвестор, Kaspi.kz акционері және басқарма төрағасы.

Фото: Kaspi.kz

Тегтер: