Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 13:42

Кореяның Shine Muscat жүзімі Қазақстанда сынақтан өтті

Корей жүзімі
Фото: ашық дереккөз

Елімізде Республикалық өсімдіктер карантині орталығы танымал корей жүзіміне зертханалық сараптама жүргізді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» КММ қызметкерлері карантиндік фитосанитарлық бақылау корей жүзімінің  сынамаларына зертханалық сараптама жүргізді. Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес атадған жүзімнен адам денсаулығына зиян келтіретін элемент анықталмады.

 Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» нитраттардың құрамы бойынша Shine Muscat жүзім сортына зерттеу жүргізді, оның нәтижелері бойынша өнімдегі нитраттардың мөлшері килограммына 13,7 миллиграмды құрады, бұл осы өнім үшін қалыпты саналады.

Айта кетейік, елімізде корей жүзіміне деген сұраныс кейін уақытта артты. Бұл экзотикалық жидек Қазақстанның барлық супермаркеттерінде, базарларында сатылып жатыр. Бұған дейін Қазақстанда сынақтан өткен өнімдердің 60 пайыздан астамы стандартқа сай келмейтіні белгілі болғанын жазған едік. Елімізде 43 өнім түрін сатуға толық тыйым салынды.