Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:02

БҚО-да өрт кезінде ана мен оның жас балалары төртінші қабаттан секіріп кетті

өрт
Фото: видеодан скриншот

  Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында өртеніп жатқан пәтерден ана мен жас балалар төртінші қабаттағы терезеден секіріп кетті. Олардың барлығы жансақтау бөлімінде жатыр.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласындағы 10-ықшамаудандағы 19-үйде өрт шыққан. Төртінші қабаттағы пәтердің жиһаздары мен жеке заттары өртенген. Өрт 60 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрттен құтылу үшін пәтер тұрғындары – әйел мен оның 4 және 8 жастағы екі баласы терезеден секіріп кеткен. Оқиға орнынан кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті. Бейнеде екі кішкентай баланың терезеден секіріп бара жатқанын, оны төменнен керілген шүберекпен ер адамдар ұстап алғанын көруге болады. Екінші бала құлаған кезде кенептің шеті жұлынып кеткен.

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен үш адамды Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізгенін хабарлады.

«Қазіргі уақытта екі бала, сондай-ақ 43 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр», - деді ведомстводан.

Ақсай қалалық әкімдігі жағдай өз бақылауында екенін, отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.

Бұған дейін Астанада өрттен төрт бала қаза тапқан болатын. Балалардың өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады.

Тегтер: