Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:17, 30 Сәуір 2024

ТЖМ: Су тасқынынан республика бойынша 39352 адам өз үйлеріне оралды

а
Фото: из открытых источников

ҚР ТЖМ су тасқыны жағдайы бойынша соңғы ақпаратты жариялады.

Ведомства мәліметінше, республика бойынша 39352 адам өз үйлеріне оралды. 6552 адам эвакуациялау пункттерінде.

Республика бойынша 7089 жеке тұрғын үй мен 2834 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны бастағалы бері 13,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді, деп хабарлады ТЖМ.

Сонымен қатар, Атырау облысындағы 41 елді мекен бойында қорғаныс құрылыстары салынған.

Фото: ортком

Тегтер: