Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:51, 04 Сәуір 2024

Өзбекстан құрамасы ФИФА рейтингінде тағы екі сатыға көтерілді

р
Фото:

Өзбекстан халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде өз орнын тағы екі сатыға жақсартып, 64-орынға көтерілді.

Өзбекстан ұлттық құрамасы 1386,58 ұпай жинап, ФИФА-ның сәуір айындағы рейтингінде 66-шы орыннан 64-орынға көтерілген.

Аталған рейтингте Қазақстан 1203.64 ұпаймен 103-орында тұр. Қазақстан құрамасы өткен жылғы көрсеткіштен үш саты төмендеген. 

Ал, Азиядағы ең мықты 10 команданың қатарында Жапония (әлемде 18-орын), Иран (20), Оңтүстік Корея (23), Австралия (24), Катар (34), Сауд Арабиясы (53), Ирак (58) , БАӘ (67) және Иордания (71) бар.

Рейтинг көшбасында әлем чемпионы Аргентина құрамасы(1858 ұпай) қалса, Франция құрамасы екінші орында (1840,59). Үздік үштікке Англия құрамасын (1794,9) ұтқан Бельгия (1795,23) кірді.

Фото: gazeta.uz

Тегтер: