Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:42, 30 Сәуір 2024

Қазақстанның 9 жоғары оқу орнында су мамандары даярланады

а
Фото: из открытых источников

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су мамандарын даярлау үшін 9 отандық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойғанын мәлімдеді.

Енді оқу орындарының студенттері «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өте алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева хабарлады.

Сонымен қатар спикер өңірлердегі су тасқыны жағдайына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазсушардың Батыс Қазақстан облысындағы филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. 

«Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Сергеев су қоймасының жотасы арқылы судың асып кету биіктігі 175 см–ге дейін төмендеді. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті», - деді ведомствоның ресми өкілі.

Фото: ортком

Тегтер: