Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:22, 30 Сәуір 2024

Қаратаудағы уран өңдеу кәсіпорнынан 862 млн теңге ұрланған

в
Фото: из открытых источников

Қаратау кенішіндегі уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде 862 млн теңге жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС бұрынғы басшылығына («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ еншілес ұйымы), «Iri building» ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтағанын хабарлады. 

Мердігер 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені жымқырды деп күдіктелуде. Жымқыру авторлық, техникалық қадағалау өкілдерінің қолдауымен және «Қаратау» ЖШС басшылығы тарапынан немқұрайлылық нәтижесінде жасалған, деп хабарлады ведомства.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберіліп, «Iri building» ЖШС-нің нақты иесіне іздеу салынған. 

Фото: kazatomprom.kz

Тегтер: