Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:28, 03 Мамыр 2024

Эльжана Таниева Олимпиадаға жолдама алды

d
Фото: из открытых источников

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Олимпиадаға жолдама алды, деп хабарлайды Zhasalash.kz Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. Ал жарыс ережесі бойынша, квота тек қана алтын медаль алған спортшыға беріледі.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 133.40 ұпай жинады. Ол Азия чемпионатының алтын медалімен бірге, Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізіп отыр.

Тағы бір қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Фото: Олимпиада комитеті