Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:52, 10 Сәуір 2024

Алматыда «Жас қалам – жаңа роман» жобасымен жарық көрген кітаптардың таныстырылымы өтеді

1
Фото:

2024 жылдың 12 сәуірі күні, сағат 15:00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Жас қалам – жаңа роман» жобасымен жарық көрген кітаптардың таныстырылымы өтеді.

Шараға ақын-жазушылар мен оқырмандар қатысады. 

Қазақстан Жазушылар одағы мен «BELES» құрылыс компаниясы (президенті меценат Махат Төреәлі) ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Мақсат Толықбай) роман жазуға ниетті жастар арасында конкурс жариялаған. 
Болашақ үш романның авторына жетекшілікке көрнекті жазушылар Жүсіпбек Қорғасбек, Нұржан Қуантайұлы, Дәурен Қуат сынды проза майталмандары таңдалып алынды.

Үш жазушы да кейінгі жастардың шығармашылық әлеуетін бақылап, бағамдап жүретін, бүгінгі әдебиеттен жіті хабардар қаламгерлер. 

Жүсіпбек Қорғасбек жастар арасында жаңашылдығымен танылған Мақсат Мәліктің («Жұмбақ кітап», «Ағаш адам» кітаптарының авторы) болашақ романының концепциясын қолай көріп, таңдап алған. Романның жазылу барысын қадағалап, кем-кетігін айтып, пікірлесіп, толыққанды роман болды дегенінде қабылдап алып, рецензия жазған.

Дәл осындай тәртіпппен, өз таңдаулары бойынша Нұржан Қуантайұлы жазушы-драмутрг Әлібек Байболға («Темір жол вокзалы», «Құлдар патшалығы» кітаптарының авторы), Дәурен Қуат Қанат Әбілқайырға («Текес теріс ағады», «Көршінің қызы», «Қарағайлы күмбез», «Жылан кегі» кітаптарының авторы) тәлімгер болған.

Үш романның авторларына үш ай бойы 500 000 (бес жүз мың теңгеден) төленген. 

 Үш роман жеке-жеке кітап болып жарық көрді. Бұл кітаптар мен шығармалардың авторлық құқығы қаламгерлердің өздеріне берілді. 

Тегтер: